Президенттің өкімімен Абай Қайырбеков жаңа қызметке тағайындалды
11:53, 28 Ақпан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
- Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жандос Шаймарданов қызметінен босатылғанын, Қанат Шарлапаевтың Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалғанын жазған едік.