Президенттің Жаңа жылмен құттықтауын Jibek Joly эфирінен көруге болады

Фото: Фото: Мухтор Хоолдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Jibek Joly телеарнасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жылмен құттықтауын көрсетеді.

Айта кетсек, Президент биыл жұмыс сапарымен еліміздің 11 өңірін аралады. Аймақтардағы 60-тан аса өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандармен танысып, жұртшылықпен кездесті. Сондай-ақ ел ішіндегі 41 іс-шараға қатысты.

Мемлекет басшысы осы жылы 3 979 құжатты қарап, қол қойды. Оның ішінде 95 заң, 319 жарлық, 81 өкім, 28 отырыс хат­та­масы, 3 456 қызметтік құжат қабылданды (25 желтоқсандағы мәлімет бойынша).

Сыртқы саясатта да жемісті жыл болды. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 23 рет шет мемлекетке сапарлады, 19 халықаралық форум мен саммит жұмысына атсалысты.

Халықаралық іс-шаралар аясында өзге елдің басшыларымен 27 рет кездесті. Сондай-ақ шет мемлекеттердің және үкіметтердің басшыларымен, басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, халықара­лық және өңірлік ұйымдардың жетекші­лері­мен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен 84 кездесу өткізді. 22 мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады.

Өтіп бара жатқан жыл Қазақстан үшін қандай болды? Сырты саясат ел экономикасына қалай ықпал етеді және әр қазақстандықтың өмірінен қалай көрініс табады? Осы және өзге де сауалдарға жауапты Президент телерадиокешені түсірген “Сыртқы саясат. 2024 жыл” деректі фильмінен табуға болады.

Фильм жуырда Silk way арнасынан көрсетілді, ал 4 қаңтар күні сағат 15:05-те Jibek Joly телеарнасының эфирінен өтеді.

Сондай-ақ ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтып берді.