АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Президенттің Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы экология туралы келісімге қатысты заңға қол қойғанын мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы „Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы“ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — деп жазылған құжатта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.