Приморье өлкесінде биіктіктен секірген парашютші ажал құшты
10:17, 12 Мамыр 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Приморьеде 1200 метр биіктіктен секірген парашютші қаза тапты. Қайғылы оқиға 9 мамыр күні Новонежино ауылында орын алды.
58 жастағы жергілікті тұрғын жерге құлап, алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында мерт болды.
Полиция болған оқиғаның мән-жайын тексеріп, материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін тергеу органдарына жіберді, деп хабарлайды ТАСС.