"2016 жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында қала тұрғыны ақша табу мақсатында шетелдіктерді заңсыз тіркеуге тұрғызған. Оның Уссурийск қаласындағы Зоя Космодемьянская көшесінің бойындағы үйіне 893 шетелдік тіркелген. Шетелдіктер РФ аумағында жүрудегі заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмас үшін осы әдісті пайдаланған», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Шетелдіктердің ішінде Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Қырғызстан азаматтары бар.
«Қылмыстың бетін Ресей ФҚҚ өңірлік басқармасының қызметкерлері ашты. РФ ҚК 322.3 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында көші-қон заңын бұзған шетелдіктерді жауапкершілікке тарту шешімі қабылданған», - деді прокуратурада.