Президент Индустрияландыру картасындағы 80 жобаның жартысына жуығы Қарағанды қаласына тиесілі, ал Жезқазғанда жобаның небәрі 3-уі ғана қарастырылғанын сынға алды. - Н. Назарбаев.
16:21, 30 Тамыз 2014
Приозерск қаласы, Осакаров және Ұлытау аудандары индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына мүлдем тартылмаған - Н. Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Приозерск қаласы, Осакаров және Ұлытау аудандары индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына мүлдем тартылмаған. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында мәлім етті, деп хабарланды Ақорданың баспасөз қызметінің Твиттердегі парақшасында