"Аймақ басшысы бүгін Приозерск қаласында штаб отырысын өткізіп, жиында қаладағы қазіргі жылу беру жағдайы қаралды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Серік Ахметов қалалық қазандықты қажетті материалдармен тез арада қамтамасыз етіп, жылу беру жүйесін тұрақтандыру жөніндегі жұмыстарға күн сайын мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын Приозерск қаласындағы штабты облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Смағұлов басқарған еді, алайда оған қатысты жақында қатты сөгіс жарияланған болатын.