Приозерск тұрғындары жылы сумен қамту мәселесін шешуді сұрайды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Приозерск тұрғындары өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібековтың есептік кездесуінде ыстық сумен қамту мәселесін көтерді.

«Приозерскте болғанда арнайы қазандыққа барып байқағанмын. Қалада орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйесі жоқ екенін білемін», - деді облыс әкімі.

Ол бұл мәселенің түйінін тарқату үшін уақыт керектігін айтты.

«Мәселені шешуге тырысып, тиісті шараларды қолға алдық. Жаңа қазандықты құру бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленді. Қазіргі уақытта оны қаржыландыру мәселесі кейінге шегерілді. Кейін жаңа қазандық салып, ыстық сумен қамту мәселесін түбегейлі шешеміз», - деді Н. Әбдібеков.