«Қарағандыға сапарым барысында «Сарыарқа» АЭА индустриялық және логистикалық нысандарын араладым. Пришахтинскідегі жаңа емханаға бардым. Енді бұл жерде облыс орталығынан шалғай ауданда тұратын балалар мен әйелдерге сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады»,-деп жазды Президент. Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барғандығын хабарладық.
Мемлекет басшысы онда «Сарыарқа» АЭА-да бірқатар нысанды аралап көрді.