«Pro Team Astana» велоклубы Таза велоспорт үшін қозғалысына қосылуға өтінім берді

АЛМАТЫ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кәсіби велоспорт қауымдастығының мүшесі ретінде және жұртшылықтың сенімін қайтару бойынша ортақ күш-жігерлердің қажеттігін және маңыздылығын толығымен бөлісе отырып,

«Pro Team Astana»Movement for Credible Cycling - Таза велоспорт үшін қозғалысына қосылуға өтінім бергендігін ресми түрде жариялайды, делінген команданың дербес сайтында.

Жақында «Pro Team Astana» Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде алдағы жылғы өз құрамын таныстырған болатын. Оған 10 елден 29 спортшы енді. Команданың бас менеджері Александр Винокуров: «Алдағы жылы біздің №1 міндетіміз - Джиро д'Италия Гранд-турында жеңіске жету. Мамыр айында Винченцо Нибали өте қуатты және дәлелді құрамға жетекшілік етеді», - деген болатын.