«Өткен жылы 579 млрд. теңгеге бюджеттік заңнама мен мемлекеттік сатып алу тәртібінің бұзылғандығы анықталды. Оның көлемі 552,9 млрд. теңгені құрады. Процессуалды шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау орагандарына 620-дан астам материал бағытталды»,-деді министр.
Осы орайда 2 мыңнан астам әкімшілік айыппұлдар салынған екен.
Б.Сұлтановтың сөзіне қарағанда, 5850 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілігі қаралып, соттарға бюджетке өтеу, мемлекеттік сатып алулар бойынша келісімдерді жарамсыз деп тану туралы 490-ға жуық талап-арыз ұсынылды. Осы тұрғыда қабылданған шаралар аясында негізсіз шығыстарды өндіріп алу, әкімшілік айыппұлдар мен өзге де шараларлың арқасында бюджетке 2 млрд. теңгеден астам қаржының түсімі қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, 131,6 млрд. теңге көлемінде мемлекет активтерінің орны толтырылды.