деп хабарлайды ВВС орыс қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, олардың біразы қан қысымының жоғарылығына байланысты тіркеуде тұрған көрінеді, алайда, ақпаратқа сәйкес, елдер тек қан қысымына ғана емес, бастың айналуы мен тамақ қырылына да шағым білдірген.
«Науқастардың бәрі денсаулықтарының аймаққа кеме бөлшектерінің түсуіне байланысты нашарлап кеткеніне сенімді», - деп түсіндірді жергілікті аурухана дәрігері.
Адам денсаулығына кеме бортында болған гептил жоғары октанды ғарыш отыны қауіп төндіруі мүмкін. Болжам бойынша, «Прогрестің» жерге құлаған сәтінде оның багында бір жарым тоннадан астам аталмыш улы зат болған. Алайда арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген мамандар Қаракөкше (Чой ауданы) ауылының маңындағы топырақ пен Бия өзені суынан сынақ алып, оның құрамынан гептил затын таппаған, деп хабарлайды РБК.