"Прогресс М-18М" жүк кемесі бар ғарыштық мақсаттағы "Союз-У" зымыраны кеше мәскеу уақыты бойынша сағат 18:41-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылды.
Халықаралық ғарыш стансасына жеткізілген жүктердің жалпы салмағы 2,5 тоннадан асады.
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - 'Прогресс М-18М' жүк кемесі Халықаралық ғарыш кемесіне ойдағыдай түйісті. РФ Федералдық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, жүк кемесі бүгін мәскеу уақыты бойынша сағат 00:35-те 'Пирс' түйісу бөлігіне жетті.