«Прогресс МС-02» жүк кемесі ХҒС-пен түйісті
12:39, 03 Сәуір 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа сериялы екінші ресейлік "Прогресс-МС" ғарыш жүк кемесі автоматты режімде Халықаралық ғарыш стансасына түйісті. Бұл туралы ТАСС-қа Мәскеу түбіндегі Ұшуды басқару орталығынан мәлімдеді.
"Кеменің стансамен түйісуі есепті уақытта орын алды", - деді ҰБО-да.
Екінші ұшырылым
«Прогресс МС-02» кемесімен «Союз-2.1а» зымыран тасығышы 31 наурызда Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшырылған болатын. Бұл 2015 жылғы сәуірде болған апаттан кейін (кеме зақымданып, мақсатты орбитаға шығарылмаған) "Прогресс" сериясының кемесімен "Союз-2.1а" зымыран-тасығышының екінші ұшырылымы. Апаттан кейін «Прогресстің» «Союз-2.1а» зымыранымен тізбегінің бірінші ұшырылымы өткен жылғы желтоқсанда болған.
ХҒС-қа ұшырылым кезінде "Прогресс МС-02" кемесінде жаңа сериялы "Союз-МС" басқарылатын кемеде осы жылғы маусымда ұшырылым уақытында пайдаланатын жаңа жүйе тестіленді.