«Энергия» РҒК мамандары кемеге сығымдалған газ бен отын компоненттерін құю операциясын сәтті орындады, одан кейін «Прогресс МС-04» темір жол арқылы құрастыру-сынау корпусына тасымалданды және өзге де дайындық жұмыстарын жүргізу үшін стапельге орнатылды, деп атап өтті баспасөз қызметі. «Прогресс МС-04» көліктік жүк кемесі 2016 жылдың 1 желтоқсанында Байқоңыр айлағынан ұшырылады және халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүк жеткізеді.
08:42, 23 Қараша 2016
«Прогресс МС-04» жүк кемесі ХҒС-қа ұшырылады
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс МС-04» көліктік жүк кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне «Энергия» ресейлік ғарыш корпорациясының баспасөз қызметі.