«Прогресс» жүк кемесін суға батыру операциясы басталды

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - «Прогресс М-08М» кемесінің Халықаралық ғарыш стансасының құрамындағы сапары аяқталды: жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан штаттық режимде ажыратылды және бүгін, дүйсенбі күні ол Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігіндегі кемелер жүрмейтін аудандардың бірінде суға батырылады, деп хабарлады Ұшу сапарларын басқару орталығынан.

«Жүк кемесін стансадан ажыратуға бұйрық Мәскеу уақыты бойынша 03.40-та берілді. 2010 жылдың 30 қазанынан бері «Пирс» түйісу бөлімінде тұрған кеме дәл қазіргі уақытта ажыратылып бітті. Кеме қозғалтқыштары Мәскеу уақыты бойынша сағат 08.16-да қосылады да, «Прогресс» сол бетімен Тынық мұхиттағы «ғарыш кемелерінің көмбесіне» батырылады», -деп хабарлады Ұшу сапарларын басқару орталығынан.