деп жазады Yтро.ru.
Кеме бортында барлығы 1,5 тонна токсинді отын болған. Оның қанша мөлшері жарылыс кезінде жанып, қаншасы ауа мен топыраққа түскені әзірге белгісіз. Алтайдағы Чой ауданында кеме құлаған жерде республикалық Гигиена және эпидемиология орталығының бір топ мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар радиологиялық зерттеу жүргізіп, топырақ құрамын тексеретін болады.
«Гептилдің тотығуы кезінде түзілетін зат газдың өзіне қарағанда он есе қауіпті. Себебі кеме әуеде жарылды, отын атмосфераға араласып, тотыққан зат жауын-шашынмен бірге жерге түсуі мүмкін. Біз топырақтың, шалшық судың үлгісін алдық, себебі бүгін жаңбыр жауды. Сонымен қатар оқиға орнында гамма-сәулелену деңгейін өлшеп жатырмыз», - деді Алтай Гигиена және эпидемиология орталығының радиолог-дәрігері Игорь Обухов Life News-ке берген сұхбатында.