Бұл туралы өзінің жеке блогында тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауап берген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім еткен.
«Құрметті, Иманғали Нұрғалиұлы, бұған дейін жарияланған мәліметтерге сәйкес, №5-ші тұрғын үй кешенінде 640 пәтер бар. Астана қаласының ресми сайтында олардың 608-і ғана үлестірілгенін көрдік. Қалған 32 пәтер қайда кетті? Пәтерлерін сарыла тосып жүрген 2005-2007 жылдарғы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар Сізден анық жауап тосады». 2005-2007 жылдарғы бағдарлама бойынша Астана қаласында салынған тұрғын үй кешенінде пәтерлердің толық саны неліктен үлестірілмегендігін білгісі келген азаматтардан осындай мәтінді хаттар қала әкімінің жеке блогына көптеп түсті.
Хаттардың авторларына елорда басшысының берген жауабы келесідей болды: «№5-ші тұрғын үй кешеніндегі 608 пәтердің барлығы 2005-2007 жылдарғы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар арасында бөлінді. Бірақ, аталмыш бағдарламаға қатысушы 32 азаматқа қатысты тұрғын үй комиссиясы шығарған оң шешімдердің заңдылығы тексеріс жүргізген прокуратура қызметкерлерінде күмән тудырды. Қазіргі уақытта әрбір аталмыш іс бойынша қосымша ақпараттар жинақталу үстінде. Солар арқылы бағдарламаға қатысушылар пәтерлерді алуға құқықтарын не растайды, не олар күшін жояды», - деді.
Тексерулер әлі де жалғасуда, ал хаттардың авторлары санына жете алмай қалған 32 пәтер, әкім айтып өткен азаматтардың атында тіркеліп тұр.
«Егер де олар баспаналарды алуға құқықтарын растай алмаса, тұрғын үй комиссиясы резервтегі пәтерлерді өзге қатысушылар арасында үлестіретін болады», - деп түйіндеген әкім.