КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Зеренді ауданы прокуратурасы 480 қызметкердің 63 миллион теңгеден астам сомаға берешек жалақысын алуына көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
«Еңбек заңнамасының сақталуын талдау нәтижелері бойынша Ақмола облысы Зеренді ауданы прокуратурасының қадағалау шараларымен «Зеренді-Астық», «Азат Элеваторы» ЖШС және «Зеренді-Сервис» ШЖҚ МКК 480 қызметкерге 63 миллион теңгеден астам сомаға берешектерін өтеді», деп айтты ведомстводан.
Өңір прокуратурасының мәліметінше, азаматтардың еңбек құқықтарын бұзғаны үшін барлық үш жұмыс беруші жалпы сомасы 500 мың теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.