деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасы.
Ақсу аймағының аумағында 1 833 шетел азаматы уақытша тұрып жатыр, алайда ІІБ олардың уақытылы елден кетуін немесе ел аумағында қалу уақытын ұзартуын қадағаламайды. Ақпан айында 278 шетел азаматы, наурыз айында 353 шетел азаматы тіркелгеніне қарамастан, Ақсу көші-қон полициясы инспекторларының жұмысын дәлелдейтін ешқандай да құжат жоқ. Шетел азаматтарының жұмыс күшін қолданып отырған кәсіпкерлерді тексерулер жасалмаған.
Ақсу прокуратурасы ұсыныстарының қорытындысы бойынша екі лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.