Прокуратура Ақтөбедегі лагерь тәрбиешісінің қай бап бойынша айыпталып жатқанын айтты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде балаларға тиісті деген күдікке іліккен «Ақбөбек Восток» лагерінің тәрбиешісі жұмыстан шығарылды. Ал прокуратура оған қатысты қай бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25шілде күні полицияға хабар келіп, тергеу басталған.

Лагерьбасшысы Айболат Ташкеновтың айтуынша, тәлімгер жұмыстан шығарылған. Ал өзге тәлімгерлерәріптестерінің оғаш қылығын байқамаған.

«Онытек жақсы адам ретінде танимын. Жақсы маман, білікті азамат. Нұр - Сұлтанқаласындағы «Шабыт» академиясында кино және театр актері мамандығы бойыншабілім алып жүр. Телеарнада жұмыс істеді деп естідім», - деді тәлімгер УәлиханКенжебаев.

Айтакетейік, әзірге лагерь құрылтайшылары жан-жақты ақпарат таратпай отыр.

«ҚылмыстықКодекстің 124-бабы, яғни, «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабымен ісқозғалды», - деді Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуроры Жасұлан Дәулембаев.