Оның барысында, жүргізушілердің жол жүру ережесін өрескел бұзатынын, ЖКО орын алған жерден іздерін жасырып, апаттық жағдайлардың болуына себепкер болып, тіпті көлікке мас күйінде отыратындар бар екенін анықтады. Өткен жылы жол полициясы автобус жүргізушілерінің жол жүру ережесін бұзуына қатысты 1659 фактіні тіркеген. Биылғы жылы 633 заң бұзушылық тіркелді.
«Қаланың прокуратурасы мен Астананың жол полициясы басқармасы бірлесіп, бес күн бойы «Автобус» жедел алдын алу шарасын өткізді. Осы уақыт аралығында қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушылар тасымалымен айналысатын жауапты тұлғаларға қатысты 113 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен жылы 494 ЖКО тіркелді. Оның салдарынан 57 адам құрбан болып, 514 адам жарақаттанды. Автобустардың қатысуымен 35 ЖКО орын алды, 7 адам қаза болып, 44-і зардап шекті. Осы жылдың басынан бері автобустар 15 рет апатқа ұшыраған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, алайда, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жарақат алғандар саны 13 адамға көп.