Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, киіктердің қырылуына себеп болып отырған фактілердің нақтылыған анықтау мақсатында тағы да бірқатар сараптау шаралары белгіленді. Әзірге оның қорытындылары белгісіз. Сондай-ақ әзірге жер қыртысы мен өсімдіктерге жүргізілген токсикологиялық талдау жұмыстары да жалғасуда. «Прокуратура тағы қосымша мал шаруашылығы мен өсімідік шаруашылығы саласындағы карантиндік шаралардың қаншалықты заңды жүргізілгендігін тексеруде. Бұған қоса прокуратура тергеу органдарына киіктердің өлімі орын алардың алдында аймақта болған күмәнді тұманның себеп-салдарын анықтауды тапсырды. Сондай-ақ қазір осы аймаққа жақын әскери полигонда қандай сынақ шаралары жүргізілгендігі анықталуда», деді ресми өкіл.