Прокуратура «Батыс су арнасы» қызметкерлерінің ұжымдық хатын тексеруде
12:03, 28 Наурыз 2017
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Облыс прокуратурасына «Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің аталмыш кәсіпорынның сенімді басқаруға берілуінің заңдылығы және басшылықтың заңсыз іс-әрекеттері жөніндегі ұжымдық хаты түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ұжымдық хат содан кейін Орал қаласы прокуратурасына, одан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаменті мен БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне тиісті тексеру үшін жіберілген.
Қазіргі кезде бұл мәселе прокуратураның бақылауында.