Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Бас прокурор партия бағдарламасын нақты іске асыруға кірісіп те кеткендерін мәлімдеді.
- Экономиканы одан әрі дамытуға бөлінген бюджеттік қаражатты пайдалану барысында заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау жөніндегі жұмыс жолға қойылды. Біз әр теңгенің тиімді пайдаланылуын, бұл қаражатты жымқыруға жол берілмеуін қадағалайтын боламыз, - деді А.Дауылбаев.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Мемлекет басшысы айтқан міндеттер басым мәнге ие болатынына тоқталды.
- Ертеңнен бастап біз өзіміздің толыққанды қызметімізге кірісеміз. Тиісті заң қабылданды, қазір Агенттіктің жеке құрамын жасақтау жұмысы жүріп жатыр. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүйелі жұмысты жолға қоя алатынымызға сенімдімін, - деді Қ.Қожамжаров.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.