Прокуратура Көкшетауда заңсыз берілген 2,4 гектар жерді қайтарды

АСТАНА. KAZINFORM - Көкшетау қаласының прокуратурасы құны шамамен 70 млн теңге болатын заңсыз ұсынылған жер мемлекет кірісіне қайтарылды.

Фото: Freepik

Прокурорлық қадағалау шараларымен заңсыз ұсынылған жерлер мемлекет кірісіне қайтарылды.

Көкшетау қаласының прокуратурасы жер заңнамасының бұзылуын анықтады.

— Талдау барысында Көкшетау қаласының әкімдігі Жер кодексінің 48-бабын бұза отырып (аукциондар (сауда-саттық) өткізбестен), заңды тұлғаға коммерциялық мақсаттағы жалпы ауданы 2,4 гектар, құны шамамен 70 млн теңге болатын 10 жер телімдерінің заңсыз ұсынылғаны анықталды, — делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау шараларымен заңсыз ұсынылған жерлер мемлекет кірісіне қайтарылды.

Жер телімдерін ұсыну заңдылығы және оларды нысаналы пайдалану прокуратура органдарының бақылауында. 

Айта кетелік Қостанай облысында жер бөлу конкурсында заң бұзу анықталған еді