деп хабарлады облыстық прокуратура.
Бөлім №2 Майқайың мектебінің жабынын ауыстыру үшін мердігерлер арасында 11,8 млн. теңге көлемінде ашық конкурс өткізген.
Прокуратура веб-порталға қойған конкурс туралы хабарландыру мен қатысушылардың өтініші салынған конверт ашу уақыты өтіп кеткен соң, заңсыз жүзеге асырылғандығын анықтады. Конкурсты өткізу туралы хаттаманы заңсыз деп тауып, оның күшін жою керек деп тапты.
Прокуратура аудандық білім беру бөлімінің бастығына наразылық жіберді, ол қанағаттандырылып, конкурс қорытындыларының күші жойылды.