Түзетулер алғашқы кәсіптік даярлықтан өту тәртібін жаңартуға бағытталған. Құжатта іріктеу шарттарын нақтылау, даярлық өткізу талаптарын жетілдіру және оқудан шығару негіздерін қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қарастырылған.
Жобаны ҚР Бас прокуратурасы әзірлеген. Ведомствоның мәліметінше, өзгерістер жаңа Конституция мен Цифрлық кодекс талаптарына байланысты енгізіліп отыр.
Құжатта прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне және экономикалық тергеу қызметіне жұмысқа кіретін азаматтардың алғашқы кәсіби даярлықтан өту рәсімдері нақтыланады. Сонымен қатар қолданыстағы қағидалардағы кейбір ережелер жаңартылмақ.
Әзірге өзгерістердің нақты қандай талаптарға әсер ететіні толық ашық көрсетілмеген. Дегенмен негізгі мақсат – қызметке қабылдау жүйесін қазіргі заңнамамен сәйкестендіру және рәсімдерді жаңарту.
Құжат 11 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Егер жоба қабылданса, жаңа ережелер құқық қорғау органдарына қызметке іріктеу үдерісін жетілдірмек.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау толық автоматтандырылатынын жазғанбыз.
Камила Тайтөлеу