Прокуратура органдары Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлық сипатында 1640 заң бұзушылықтың орын алғанын анықтады

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Сая Темірбекованың баяндауынша, өткен жылы прокуратура органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының орындалуын қадағалау мақсатында жүргізілген 167 тексеру арқылы 1640 заң бұзушылықты анықтаған.

Нәтижесінде оларды жою және заң бұзушылықтарға жол берген тұлғалардың жауапкершіліктерін шешу жөнінде енгізілген 142 ұсыныстың қаралуымен 173 тұлға - тәртіптік, 15 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 28 наразылық қанағаттандырылып, 266 акті, оның ішінде 5 нормативтік құқықтық сипаттағы акті бұзылып, өзгертілді, 5 қылмыстық іс қозғалды әрі оның 4-уі бойынша 4 адам сотты болып, 1 қылмыстық іс ақталмайтын негізде өндірістен қысқартылған.