Оның айтуынша, жүйке ауруымен науқастанған азаматтарды қоғамнан мүлдем шектеп тастауға болмайды. Олар белгілі бір деңгейде айналасындағылармен байланысып тұруы қажет. Ал науқасты мүлдем шектеп тастау оның денсаулығына кері әсерін тигізеді.
«Өкінішке орай бұл талаптар көптеген мекемелерде назардан тыс қалып отыр. Мысалы Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы медицина мекемелерінде телефон байланысы жоқ болса, Алматы қаласы мен Жамбыл, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы мекемелерде науқастардың туғандарымен кездесетін арнайы бөлмелері жоқ. Ал Рудный қалалық психиатриялық ауруханасында ауруханаға кіріп, шығатын азамттарды тіркеу жұмыстары талапқа сай емес. Сондай-ақ еліміздің көптеген аймақтарындағы медицина мекемелерінде науқастарды тамақтандыру жұмыстарының дұрыс жүргізілмейтіндігі мәлім болды», - деді ресми өкіл.
17:41, 04 Қараша 2010
Прокуратура органдары жүйке ауруларын емдейтін ауруханаларды тексеріп, 45 лауазым иесін жауапқа тартты
АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елдегі жүйке ауруларын емдейтін мекемелерге тексеру жүргізген Бас прокуратура оның барысында анықталған кемшіліктер бойынша 46 прокурорлық қадағалау актісін енгізіп, олар бойынша 45 лауазым иесі жауапқа тартылды. Бұл мәселелер жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өміралиев мәлім етті.