Үкіметтің берген түсіндірмесіне сүйенсек, Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдар кезеңіне арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын орындау үшін заң жобасы құқық қорғау қызметін үйлестіру мақсаттарын және заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңестерінің құқықтық мәртебесін заң жүзінде бекітеді және үйлестіру кеңестері туралы ережелерді Мемлекет басшысының актісімен бекітуді болжайды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мен ескертуді күшейту мақсатында заң жобасымен прокурорлық шара қолдану актілерін заң бұзушылықты болдырмаудың алдын алумен және қылмысқа қарсы тұру адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша өтініштер жасаумен толықтыру көзделеді.
«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығын жүзеге асыру мақсатында заң жобасы прокурорлардың бастамасымен жеке тұлғалардың әлеуметтік саладағы еңбек, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қорғауға талап қоюы жөніндегі процессуалдық шектеулерді жоюды ұсынады. Және де прокурордың қатысуымен қаралатын азаматтық істердің санатын заң жүзінде анықтайды. Яғни, жұмысқа қайта орналастыру туралы, жалақыны өндіріп алу туралы, басқа тұрғын үй-жайын бермей, азаматты тұрғын үйден шығару туралы, өмір мен денсаулыққа келтірілген залалды өндіріп алу туралы азаматтық істердің санаты қамтылған.
Заң жобасының ережелерін іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлу және прокуратура органдарының штат санын ұлғайту талап етілмейді.