Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Прокуратура органдарының заңды қызметіне кедергі келтіру фактісі бойынша істі қараған Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ж.Нұрғалиеваның қаулысымен Бостандық аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы А.Қайнарбаев ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 522 бабы 1 тармағы бойынша құқық бұзды деп танылып, 34620 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.