Прокуратура Озон мен Яндексте есірткі сатылуының алдын алады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы прокуратурасы маркетплейстермен ынтымақтастықты бастады.

Фото: Pexels

Алматы қаласының прокуратурасы мен полициясы «Яндекс Еда Казахстан» ЖШС-мен меморандумға қол қойды, сондай-ақ «ОЗОН Маркетплейс Казахстан» ЖШС-мен ынтымақтастықты бастады.

Ынтымақтастық құқық бұзушылықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға бағытталған.

Өзара іс-қимыл шеңберінде жарнаманы және тыйым салынған заттарды таратуды тоқтату көзделген.

Аталған шаралар оңтүстік астана тұрғындары үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.