Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, прокуратура ұжымын көптен күткен қуаныштарымен құттықтаған
Қ. Мәми жаңа қызметтік ғимараттың ашылуы прокуратура қызметкерлерінің материалдық-техникалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында Елбасының көрсетіп отырған қолдауының және қамқорлығының тағы бір дәлелі екеніне тоқталды. «Осылайша, прокуратура қызметкерлеріне заңдылық пен құқық тәртібін одан әрі нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету ісіне қажетті мүмкіндіктер толығымен жасалды», деді Қ.Мәми.
Салтанатты іс-шара барысында Бас прокурор қадағалау органдарында ұзақ жылдар қызмет істеген аудандық прокуратураның екі қызметкеріне жаңа пәтердің кілтін табыс етті.