Прокуратура табиғатқа зиян келтірушілерді анықтады

None
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана прокуратурасы табиғатқа зиян келтірушілерді анықтады, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Атмосфералық  ауаны  қорғау, сондай-ақ, Ведомствоаралық комиссияның қоршаған ортаны сақтауы аясында қолданылып жатқан іс-шараларына тексеру жүргізілді. Нәтижесінде қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтірген  табиғат пайдаланушылар анықталды. «Олар Астанада қоршаған ортаға тигізетін әсерін тиісті дәрежеде бағаламай және эмиссия рұқсатынсыз нысандар құрылысын жүргізген», - деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.  

«Қала прокуратурасы аталған факті бойынша қала әкімдігі  басшылығының атына және өкілетті органға ұсыныстар түсіріп, соның нәтижесінде рұқсаты болмағаны үшін 4 әкімшілік іс қозғады. Сондай-ақ, қоршаған ортаға келтірілген шығындар көлемі есептелуде», - делінген ведомствоның хабарламасында.