«2022 жылдың желтоқсан айында Талдықорғанның мектептері арқылы білім саласының қызметкерлері 750 млн теңгеден астам қаржы жымқырған. Тінту барысында 700 млн теңгеден астам ақшалай қаржы, 500 мың АҚШ доллары және қымбат әшекей бұйымдар тәркіленді. Күдіктілердің 27 жылжымайтын мүлкі, қымбат көліктері бұғатталды. Барлық күдіктілер ұсталып, тергеу изоляторына қамалды», - делінген Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарламасында.
Өзге ақпараттар істің құпиялығына байланысты жария етілмейді.
Тергеу жалғасуда.