деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық және діни бірлестіктердің заңдарды сақтауын тексеру барысында қадағалау органы - Ямышево ауылындағы өзін «Алла-Аят» жалған дін ағымын ұстанушы деп таныған бір азамат рұқсат құжаттарынсыз халыққа дәстүрлі емес медициналық көмек көрсеткен.
Аудан прокуратурасы оның заңсыз медициналық қызметпен шұғылданғаны туралы әкімшілік іс қозғады. Сот қаулысымен жалған емші 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомаға айыпқа тартылды.