БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аудан прокурорының апелляциялық өтініші бойынша аудандық соттың қаулысымен «Аксайгазпромэнерго» АҚ-ға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 164-бабы 4-бөлігі негізінде салынған әкімшілік айыппұл көлемі 307 101 теңгеден 1 319 194 теңгеге дейін (заңсыз алынған табыстың 10 пайызы) көбейтілді.
Апелляциялық сатыда «Аксайгазпромэнерго» АҚ-ның ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті БҚО бойынша департаментінің 2016 жылдың 1 наурызынан 1 сәуіріне дейінгі кезеңде электр қуатын беру және тарату қызметінің бағасын төмендету жөніндегі бұйрығын орындамаған. Соның нәтижесінде 10 120 930 теңге заңсыз табыс тапқан.
Осылайша, прокуратураның араласуымен мемлекетке келетін 1 012 093 теңге шығынның орны толтырылды.
21:08, 20 Желтоқсан 2017
Прокуратураның араласуымен 1 млн астам теңгенің орны толтырылды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы прокуратурасының араласуымен 1 млн астам теңгенің орны толтырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.