ОРАЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданы прокуратурасы «Тайпақ» МКК-нің 86 жұмысшының алдында шілде айы үшін 2146726 теңге жалақыны төлемегендігін анықтады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш мекеме жұмысшылармен жасалған шарттық міндеттемелерді орындамаған. Сөйтіп 86 адамның конституциялық құқығы бұзылған. Аудан прокурорының ұйғарымы бойынша берешек толық төленді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).