Прокуратураның араласуымен 3 миллионнан астам теңгенің жалақы қарызы өтелді

None
ОРАЛ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Зеленов ауданы прокуратурасы тексеру кезінде «Жером» ЖШС-інің 56 қызметкеріне биылғы қаңтар-ақпан айлары үшін 3162986 теңге жалақы төленбегенін анықтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы ЖШС атына ұйғарым берді. Соның нәтижесінде жалақы қарызы толықтай өтелді. Сөйтіп 56 қызметкердің конституциялық құқығы қорғалды.