ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізу барысында «IGS Corporation» ЖШС-ның 150 қазақстандық қызметкері мен 14 шетел азаматына (Румынияның 12 және Филиппиннің 2 азаматы) биылғы қаңтар-сәуір айлары үшін 63827396 теңге көлемінде жалақы бойынша жасырын түрде берешек екендігін анықтады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Еңбек кодексінің 134-бабы 1-тармағына сәйкес жалақы айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Аталған қызметкерлерге еңбекақы уақтылы төленбей, олардың ҚР Конституциясының 28-бабында көзделген құқықтары бұзылған.
Прокурордың ұйғарымды мәжбүрлі түрде орындату туралы қаулысы бойынша жалақы қарызы толығымен өтелді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).