ОРАЛ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы прокуратурасы БҚО сот актілерін орындау жөніндегі департаментке тексеру жүргізген кезде сот шешімінің ұзақ уақыт бойы орындалмай жатқанын анықтады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, атап айтқанда, «Миликеева Ф.И.» жеке кәсіпкерлігінен «Ақжол» халықаралық әуежайы» АҚ пайдасына 10850944 теңге бережақты өндіру бағытында тиісті іс-шара алынбай, орындау мерзімі бұзылған.
Тексеру қорытындысына сәйкес қала прокуратурасы атынан департаментке ұйғарым беріліп, соның нәтижесінде аталған бережақ толықтай өтелді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).