деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараны аталмыш оқу орнының өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы орталығымен бірлесіп ұйымдастырмақ. Осыған қарай оған Бас прокуратураның салалық бөлімше басшылары, Ресей Федерациясы прокуратурасы мен Бас прокуратура институтының мамандары, Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарының, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.
«Прокуратура заңдылық пен құқық тәртібін сақтау және мемлекет пен азаматтардың мүддесін қорғайтын басты қадағалаушы орган ретінде құқықтық реформаның алғы шебінде болуы тиіс. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында құқық қорғау органдарының алдына еліміздегі заңнамаларды одан әрі демократияландыру және ізгілендіруге қатысты нақты міндеттер қойды. Сондықтан прокуратура органы қызметін одан әрі жетілдіру үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі шара осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы», деді семинарды ұйымдастырушылар.
Шара аясында сот процесіндегі прокурордың қызметіне қатысты өзекті мәселелер, атап айтқанда қылмыстық істі дайындау және талдау, алқабилерді дайындау, алқабилердың қатысуымен өтетін соттағы тергеуге прокурордың қатысуы, қылмыстық іс пен оған ұстанымды таңдау, қылмысты жіктеу сияқты бірқатар мәселелер ортаға салынатын болады.