Прокуратураның тексерулері нәтижесінде 44 мың заңсыз құқықтық актілердің күші жойылып, 27 млрд теңге бюджетке қайтарылды - Бас прокуратура
алдағы кезеңге қызметтің басым бағыттарын анықтауға арналған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті», деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Алқа жұмысына бейнеконференциялық байланыс арқылы облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, қалалық және аудандық деңгейдегі прокуратуралардың қызметкерлері қатысты. Бас Прокурор атап өткендей, ағымдағы жылы прокуратура органдары прокуратураның құқық қорғаушылық ролін күшейтуге және тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында жұмыс істеді.
Осы мақсаттарда зейнетақымен қамтамасыз ету, еңбек қатынастары және әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, бәсекелестікті дамыту, индустрия және сауда мәселелері бойынша, сондай-ақ өзге де маңызды салаларда тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша 380 мың заңдылық бұзушылық жойылды. 500 мыңға жуық адамның конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. 44 мың заңсыз құқықтық актілердің күші жойылды. 40 млрд. теңге шығын, оның ішінде 27 миллиард теңгесі бюджетке қайтарылды.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мақсатты жұмыс басым бағыттардың бірі болып қала береді. Прокурорлық ықпал ету шаралары бойынша 155 мың жұмысшының жалпы сомасы 8,7 млрд теңгені құрайтын мерзімінен кешіктірілген жалақылары төленді, бұл қарыз көлемін екі есге азайтуға мүмкіндік берді. Мемлекет басшысының құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа талаптарына сай қылмыстық құқық саласында қылмыстарды жасыру проблемаларын шешу бойынша көп жұмыс атқарылды. Көзделген шаралар қылмыстылықтың объективті көрінісін қамтамасыз етуге және зардап шеккендердің құқықтарына кепілдік беруге мүмкіндік береді. Бас прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде бизнестің іс-әрекетіне әкімшілік кедергі келтіретін бірқатар проблемалар шешілді. Прокурорлардың араласуынан кейін ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттау үшін едәуір кедергі болып келген заң нормалары қайта қаралды.
Алқа жұмысының қорытындысы бойынша Бас Прокурор азаматтардың, кәмелетке жасы толмағандардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қорғау, ұйымдасқан қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, экстремизм және терроризммен күрес тәрізді прокурорлық қадағалаудың басым бағыттары бойынша бірқатар тапсырмалар берді.