Сот отырысы барысында прокурор Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.
Еске салайық, былтыр 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған азамат оқ атты. Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды. Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында – 5, екіншісінде 2 бала қалды. Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. «Банк ЦентрКредит» АҚ іс бойынша қажетті барлық құжат ұсынылатынын және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.