Қарағанды қаласындағы №1 Қазыбек би аудандық сотынан хабарлағандай, Санат Бүкенов Балқаш қаласы полиция бөлімі басшысының орынбасары Дархан Ауғанов есірткі сақтағаны үшін қолға түскен жігіттің анасынан 50 мың доллар көлемінде пара талап етіп отыр деген мәтінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының атына ресми арыз түсірген. Арыз Балқашқтың жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылып, соталды тергеу басталған. Жемқорлықтың белгілері табылмаған соң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі тергеуді тоқтатқан.
Санат Бүкенов алаяқтық үшін сотталған тағы бір әйелдің қорғаушысы ретінде Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасында Балқаш қаласының прокуроры Мұхтар Тілегеновті парақор деп айыптаған. Санат Бүкеновтің арызы негізінде тергеу басталып, бірақ, прокурордың пара алғаны дәлелденбеген.
Сондықтан, Санар Бүкенов Қылмыстық кодекстің 419 бабы 3 тармағы бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін айыпталған.
«Санар Бүкенов кінәсін мойындамаса да, сот оның кінәсін толық дәлелдеп, оны төрт жылға соттады. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылыққа іліне алмайды, себебі, ол заң жалған ақпарат таратқандарға қатысты қолданылмайды»,-деді үкімді оқыған Қазыбек би ауданының соты Жанат Егембердиев.
Санат Бүкенов енді төрт жылын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды