"Мешiмбаеваны 176-баптың 3-тармағы "б" пункті бойынша кiнәлi деп тауып, оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды және белгiлi бiр лауазымды қызметтi атқаруға 5 жылға дейiн тыйым салуды, жеке мүлкiн тәркiлеудi сұраймын", - дедi прокурор Дәурен Әшiмов. Айта кетейiк, дәл қазiр сотта тараптардың жарыссөздерi өтуде. Прокурор Мешiмбаеваны жалпы режимдегi колонияда жазасын өтеу туралы сұранысын да нақтылай кеттi.
Айта кетейiк, Мешiмбаева мемлекетке 558 миллион 249 мың 409 теңге көлемiнде залал келтiрдi деген айып тағылуда.