Прокурорлар алименті төленбеген азаматтарды жұмысқа орналастыруда
09:12, 30 Шілде 2017
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облыстық прокуратурасы «Алименттер. Борышкерлермен күрестің 30 қадамы» атты республикалық жобаны жүзеге асыру жұмыстарын қорытындылады. Жобаны жүзеге асыру барысында прокурорлар алиментке берешек азаматтарды жұмысқа тұрғызуға ықпал етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл бағыттағы жұмыстар барысында басты назар борышкерлерді жұмыспен қамту мәселесіне аударылды. Осылайша, прокуратураның бастамасымен өкілетті органдар мен ірі бизнес субъектілері арасында меморандумдарға қол қойылып, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді»,-деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Қолға алынған шаралардың нәтижесінде жұмыссыз ретінде алиментке борышкер 600 азамат есепке алынып, олардың 132-сі жұмыспен қамтылды.