«Бізде Азаматтық процессуалды кодексте ереже пайда болды, яғни татуласу енді азаматтық процессте судьялардың мақсаты болып отыр. Осы орайда табыстыру судьясы пайда болды. Ол қарастырып отырған осы істің аясында медиация рәсімдерін пайдалана отырып, тараптарды татуластыра алады. Істердің бөлек санаттары үшін дауды міндетті реттеу қарастырылған. Сондықтан да осы шаралардың барлығы істердің төрт санаты бойынша прокурорлардың қатысуын қысқартуға мүмкіндік берді», - деді Марат Әбішев.
Осы орайда көшіру, жұмыс орнында қайта қалпына келтіру, жалақыны төлету, өмірі мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу істері ескеріліп отыр. Прокурорлар мен кодекске өзгерістерді әзірлеушілер бұл істер тек қана жеке құқықтық мәнге ие екеніне келісіп отыр.
«Бұл тұрғыда мемлекет мүддесіне тікелей қатысты болып отырған жоқ. Ал Қазақстан Конституциясының 183 бабы бойынша прокурор соттарда мемлекеттің өкілі болып табылады. Сондықтан да қазіргі кезде прокуратура органдарында азаматтық процессте біздің қатысуымызды қажет ететін істердің нақты санаттары бар», - деді ол.
Айта кетейік, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 26-қадамында Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту, азаматтық іс жүргізу кодексіне тиісті өзгертулер енгізу қарастырылған.