Прокурорлар бизнесті заңсыз тексерудің алдын алуға арналған зияткерлік жүйені таныстырды
Мемлекеттік бақылаушы органдары және олардың кадр қызметі басшылары мен қызметкерлері қатысқан бұл шара барысында тексерулерді жоспарлау мен тіркеудің жаңа электронды жүйелерінің мүмкіншіліктері және мемлекет қызметшілеріне «он-лайн» режимінде сұрау салудың орындалуы көрсетілді.
Егер сұрау салуды электронды режимге ауыстыру арнайы есепке алу бойынша адамдарды интерактивті тексеру бойынша бұрынырақ қолға алынған жұмыстардың логикалық жалғасы болса, ал электронды тексерулерді жоспарлау мен тіркеудің электронды жүйесі Комитеттің мүлдем жаңа жобалары болып табылады.
С. Айтпаеваның айтуынша, электронды жоспарлау бақылау мен қадағалау органдарының тексерулерін жоспарлау кезінде бұл жүйе электронды мониторинг арқылы жоспарлы тексерулерді реттеп, жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексерулердің қайталанбауын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Бұл жүйенің «е-жоспар» деген жұмыс бабындағы атының өзі «е-үкімет» және басқа да ұқсас ұғымдар сияқты пайдаланушылардың күнделікті жұмысына сіңісіп кетеді деген үміт бар.
Тексерулерді электронды тіркеудің екінші жүйесі бақылаушы органдар жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді, өйткені бұл ретте олар тексерулерді кабинеттен шықпай-ақ өзінің жұмыс компьютерімен тіркеу мүмкіндігіне ие болады. Мемлекеттік органдар «он-лайн» режимінде жіберген тексеру тағайындау туралы барлық мәліметтер біртұтас деректер қорына келіп түседі де мүдделі органдарға электронды журнал түрінде автоматты түрде беріледі, ал кәсіпкерлер болса өз кезегінде ақпараттарды «Бизнес тірегі» порталы арқылы интернетпен алады.